National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Вице-Президент


Вице-Президент Орталық Азия елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Вице-Президент Ерлан Қарин Ақордада Орталық Азия елдерінің бірқатар мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстады.

Атап айтқанда, II дәрежелі «Достық» орденімен халықтар арасындағы достықты нығайтуға және мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін танымал әншілер Мирбек Атабеков, Парахат Амандурдыев, Севара Назархан, суретші-реставратор Таалайбек Усубалиев, актер Батыр Чарыев, белгілі дирижер Камолиддин Уринбаев марапатталды.

Ерлан Қарин өңір халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуда награда иелерінің рөлі айрықша екенін атап өтті.

«Өнерде шекара жоқ. Сіздер өз шығармашылықтарыңыз арқылы халықтар арасын жақындатып, жас ұрпақтың көршілес елдердің мәдениеті мен дәстүрін тереңірек түсінуіне ықпал етіп келесіздер», – деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент марапат иелерін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.


 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

2026 жылғы 19 қараша

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 16 қараша

М.Ғ. Ирменов туралы