National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі – Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі – Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің миссиясы Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі – Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет) қатысты;
  • Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің (бұдан әрі – Мемлекеттік кеңесші), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады.

 

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинді қабылдады

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы