National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Вице-Президент


Вице-Президент Құрылтайдағы фракция жетекшілерімен Мемлекет басшысы Жолдауындағы бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Вице-Президент Ерлан Қарин Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысты алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.

Ерлан Қарин Президент сөйлеген сөзінде келер ұрпақтың мүддесі үшін жүзеге асырылатын жүйелі өзгерістерге баса назар аударғанын атап өтті. «Халықтық құрылыс» міндеттері халықтық цифрлық экономиканы дамытумен тығыз сабақтастырылып, Жолдаудың өн бойынан көрініс тапты. Мемлекет күш-жігерін бүкіл азаматтық инфрақұрылымды жаңғыртудың іргелі мәселелеріне шоғырландырып отыр.

Вице-Президенттің айтуынша, мемлекет қордаланған жүйелі проблемаларды біртіндеп шешіп, болашақтағы дамудың берік негізін қалауда.

– Президент Жолдауда стратегиялық маңызы бар жаңа бастамаларды көтерді. Олар Құрылтай тарапынан сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді. Осы бағытта партия фракцияларымен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Ерлан Қарин.

Партия фракцияларының жетекшілері Жолдауда көтерілген бастамаларды қолдап, ашық әрі сындарлы ынтымақтастыққа және бірлескен жұмысқа дайын екенін мәлімдеді.

Кездесуге «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов, сондай-ақ Президенттің Құрылтайдағы Өкілдігінің басшысы Мұрат Қайырбек қатысты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

2026 жылғы 19 қараша

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 16 қараша

М.Ғ. Ирменов туралы