National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстанның халық артисі Сәбит Оразбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Сәбит Оразбаевқа І дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты жағдайда табыс етті.

Бұл мәртебелі марапатқа танымал актер мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен иеленді.

Салтанатты рәсімде Мемлекеттік хатшы Сәбит Оразбаевтың 85 жасқа толуына орай ізгі тілегін жеткізіп, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтауларын оқып берді.

Сәбит Оразбаев – саналы ғұмырын театр сахнасына арнаған дарынды актер. Жарты ғасырлық актерлік қызметінде ол қазақ және әлемдік классикалық, заманауи драматургиядан 100-ден аса драмалық рөлдерде ойнады. Шығармашылық жолын комедия жанрында бастап, «Бөлтірік бөрік астында», «Құдалар келді», «Беу, қыздар-ай» спектакльдерінде шеберлігімен ерекшеленіп, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», А.Чеховтың «Ваня ағайында» жарқын бейнелерді сомдады.

Мемлекеттік хатшы сондай-ақ «Nomad Stunts» каскадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновпен кездесіп, белгілі қазақстандық каскадерді Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) беделді «Taurus» сыйлығымен марапатталуымен құттықтады.

Қ.Көшербаев бұл беделді халықаралық марапаттың Қазақстан каскадерлерінің жоғарғы шеберлігін мойындағаны ғана емес, қазақстандық мәдениет пен кино өнеріне қосқан зор үлесі екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы