National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін бізге жақын және алыс шетелдерден келген әр түрлі этностың 734 өкілі еліміздің жаңа азаматы болады.

Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алған сәттен бері 1 миллионнан астам адам еліміздің азаматтығын алғанына тоқталды. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен орнықты өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстанның әлемдегі тартымды мемлекеттердің біріне айналғанын айғақтайды.

Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын қуана қарсы алатынымызды, оларға бақытты өмір және бұдан былай олардың да Отаны болып саналатын Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейтінімізді айтты.

Мемлекеттік хатшы жаңа отандастар еліміздің лайықты азаматы болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, басқосу барысында Сыртқы істер министрлігінің жекелеген бағыттар бойынша қызметінің қорытындылары талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы