National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзені қабылдады

2023 жылғы 24 тамыз

Мемлекет басшысы Каха Имнадзені жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Орталық Азия мемлекеттері мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Президент Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың маңыздылығы мен қажеттігін атап өтіп, оның аймақтағы орнықты өсімді қамтамасыз ету, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісіне одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Каха Имнадзе орталық қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның өңірдегі бейбітшілікті нығайту және диалогты ілгерілету ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Каха Имнадзе өңір елдерінің өзара жемісті ынтымақтастығына жан-жақты ықпал етуге тырысатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесу барысында Ауғанстандағы қазіргі жағдай талқыланды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің