National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті

Кездесуде Мемлекеттік кеңесші түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңыздылығын айтып, еліміздің білім, ғылым саласындағы басым бағыттарды атап өтті. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Ұлттық ғылым академиясында және Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінде айтылған руханият, мәдениет, білім, ғылым салалары бойынша бастамаларының мәні мен маңызына тоқталды.

Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының білім, ғылым бағытында атқарған жұмыстары жөнінде, оның ішінде, халықаралық ұйым шеңберінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында өткен іс-шаралар туралы баяндады. Бұдан бөлек, пандемиядан кейін жалғасқан Моңғолиядағы археологиялық қазба жұмыстары мен экспедициялардың барысын жеткізді.

Биыл түркітілдес мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толады. Осыған орай Академия президенті бауырлас елдердің ықпалдастығын арттыруға қатысты ойымен бөлісіп, айтулы датаны атап өту жайындағы ұсыныстарын айтты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару