National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Жамбыл Жабаев шығармаларына арналған 10 томдық жинақтың тұсаукесеріне қатысты

Бүгін Мемлекеттік хатшы, Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген ақынның 10 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Мемлекеттік тапсырыс аясында басылып шыққан көп томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап өмірден өткенге дейінгі барлық өлеңдері, айтыстары мен жырлары топтастырылған. Одан бөлек, ақын шығармашылығына қатысты ғалымдардың ғылыми еңбектері, ақын-жазушылардың естеліктері де басылған.

Жиналғандардың алдында сөз алған Мемлекеттік хатшы, Ж.Жабаевтың 175-жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев, жыр алыбы Жамбылдың халқымыздың рухани дүниесінде қуатты да өміршең жырлары арқылы өшпес із қалдырғанын атап өтті.

Бұл жарық көрген 10 томдық жинақ Жамбыл ақынның бүкіл мұрасы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер мен ғылыми зерттеулер енген тұңғыш толымды басылым ретінде жарыққа шығып отыр.

- Cондықтан да бүгін тұсауы кесіліп отырған 10 томдық жинақ Жамбылтануға қосылған үлкен үлес, халқымыздың рухани қазынасын молайтқан іргелі еңбек деп есептеймін, - деді Қырымбек Көшербаев.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы