National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы Президент Әкімшілігінің бақылауында

Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді.

Басқосуға Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, Үкімет басшылығы қатысты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндама жасады.

Президент Әкімшілігі Басшысының айтуынша, Жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды. 

– Орталық және жергілікті атқарушы органдар Президент тапсырмаларын орындау үшін барынша жедел әрі толыққанды шаралар қабылдауы қажет. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері жуық арада Жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек, – деп атап өтті Олжас Бектенов. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы