National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның онлайн жүйесіндегі отырысы өтті.

Отырысты ашқан Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер біздің Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы болып табылатынын және үш онжылдық бойы Қазақстан халқының бірлігін, тұтастығын және азаматтық бірегейлігін бейнелейтінін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік рәміздерді пайдалануды кеңейтуді көздейтін заңнама мен нормативтік актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленгенін айтты.

Отырыста Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, геральдикалық зерттеулер орталығының қызметі туралы, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамқұлов пен Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевтың мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер мен геральдика саласы бойынша, атап айтқанда, осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, ведомстволық наградаларды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарға патриоттық тәрбие беруде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін кеңінен пайдалану туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне өңірлерде мемлекеттік рәміздерді насихаттау орталықтарының тиімді қызметін қамтамасыз ету, шалғай ауылдық округтердегі осы жұмысқа ерекше назар аудару тапсырылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы