National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қырымбек Көшербаев Дина Нұрпейісова ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында халық композиторы, дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысты.

Мемлекеттік хатшы қазақ халқының өмірінде домбыраның алар орны жайында айтып, ел ішінде «Күй анасы» атанып кеткен Дина Нұрпейісованың ғибратты ғұмыры мен өнер жолына тоқталды. Сонымен қатар ұлттық өнердің бүгінгі күнге жетуінде Дина Нұрпейісованың аса зор еңбегі бар екенін, оның орындауындағы талай күй нотаға түсіп, хатталып кейінгі ұрпақтың асыл мұрасына айналғанын атап өтті.

– Біз бүгін қазақ үшін қадірлі, Алаш үшін аяулы Дина Нұрпейісованың ескерткішін салтанатты түрде ашып отырмыз. Жобаны іске асырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, қолдау көрсеткен Атырау облысының жұртшылығына, мүсінші Бауырхан Жалынға ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – ұлттық өнерге, асыл мұраға, бабалар үніне, аталар дәстүріне қойылған ескерткіш. Өткенге салауат, болашаққа аманат айта отырып, қазақтың қара домбырасынан кие қашпасын, қара шаңырағынан береке кетпесін деп тілейміз, – деді Қырымбек Көшербаев.

Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, күйші Айгүл Үлкенбаева және басқа да қоғам өкілдері қатысты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы