National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Қазыхан Ержан Хозеұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі 

ҚАЗЫХАН Ержан Хозеұлы

1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетін бітірген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих ғылымдарының докторлық дәрежесіне ие.

1989 - 1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протоколдық-саяси бөлімінің екінші, бірінші хатшысы.

1992 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің бастығы, Басқарма меңгерушісінің орынбасары.

1995 - 1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

1999 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

2003 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі; Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2009 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

2011 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2011 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2012 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2014 - 2017 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы және Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2017 - 2021 жылдары - Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2021 - 2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

«Құрмет» (2011), «Парасат» (2016), III дәрежелі «Барыс» (2021) ордендерімен, ҚР Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен (2014) марапатталған.

Қазақстанның сыртқы саясаты мен көпжақты дипломатиясы бойынша бірқатар мақалалардың авторы.

Ағылшын және араб тілдерін меңгерген.

Үйленген, 2 баласы бар.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

2022 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Жарлық

2022 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы