National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Жарлықтар

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

2021 жылғы 27 тамыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты  Төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша);

аталған Комиссияның құрамынан И.И.Рогов шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                           Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 27 тамыз

                           № 645


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің