National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасының Көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы


Қазақстан Республикасының Көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мақсат қою құжаты болып табылады және 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Президент Жарлығымен бекітілген.

Стратегияның негізгі мақсаты 2060 жылға қарай Қазақстан экономикасының климаттың өзгеруіне және көміртегі бейтараптығына қатысты орнықты дамуына қол жеткізу болып табылады.

Стратегияның орта мерзімді мақсаты – 2030 жылға қарай парниктік газдардың шығарындыларын 1990 жылғы шығарындылар деңгейімен салыстырғанда 15 %-ға қысқарту (шартсыз мақсат) және экономиканы көміртексіздендіруге халықаралық қолдау алған жағдайда қысқартуды 25 %-ға жеткізу (шартты мақсат).

Жеті қағидаттар:

  • мақсаттылық, бірлік және тұтастық;
  • техникалық-экономикалық негізділік;
  • көшудің әділдігі;
  • циркулярлы экономика;
  • кезеңділік;
  • ашықтық және қоғаммен өзара іс-қимыл;
  • ұтымдылық (теңгерімділік).

Төмен көміртекті дамудың негізгі бағыттары:

  • Секторлық тәсілдер мен көзқарас (энергетика, өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығы және т.б.).
  • Қалдықтарды басқару.
  • Қаржыландыру және «жасыл» инвестициялар.
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.
  • Білім беру және қоғамдық сананың өзгеруі.
  • Климаттың өзгеруіне бейімделу.
  • Көміртекті реттеу жүйесі.

Құжаттың толық мәтіні 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару