«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына және «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан
әрі – Хатшылық) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Хатшылық туралы ереже;
2) Хатшылықтың құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 және «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлігіміз – әралуандықта» 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 1144 жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Халық Кеңесінің және Хатшылықтың басшылығын орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты қалыптастырылған кезден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 2 шілде
№ 1343