National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов Душанбе қаласында өткен Орталық Азия елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының үшінші кездесуіне қатысты

Жиында Орталық Азиядағы өңірлік және шекаралық қауіпсіздік, лаңкестікке, экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымына және киберқатерлерге қарсы күрес салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар тараптар көлік және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ықпалдастықты нығайту жолдарын талқылап, Таяу Шығыстағы оқиғалардың Орталық Азиядағы қауіпсіздікке ықпал ету аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы өз әріптестеріне аталған мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын баяндап, ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Бұдан бөлек, су және энергетикалық қауіпсіздік, трансшекаралық суды тиімді басқару саласындағы бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.

Жиын соңында тараптар қорытынды хаттама қабылдап, өңірлік қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару