National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

Шетелдiк инвесторлар кеңесi

Президент жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы №3985 Жарлығымен құрылды.

Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеті:

- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;

- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;

- Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыруға, өнеркәсіптік секторын индустрияландыруға, шағын және орта бизнесін дамытуға шетелдік компаниялардың жәрдемдесуі;

- Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикалық процестерге интеграциялау;

- Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;

- Қазақстан Республикасының халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.

Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 28 наурыз

Мемлекет басшысы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

2023 жылғы 30 наурыз

Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Жарлық

2023 жылғы 30 наурыз

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы