National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Сариев Бақытжан Шөмішбайұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы 

САРИЕВ Бақытжан Шөмішбайұлы

1971 жылғы 24 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы  бойынша –  инженер, заңгер.

1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы, аға  маманы, референті, аға референті лауазымдарында жұмыс істеді.

1999 жылғы мамырдан 2019 жылғы наурызға дейін сыртқы саясат ведомствосы жүйесінде қызмет атқарды:

1999-2002 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік департаменті Кадр және бақылау басқармасының Бақылау бөлімінің  бастығы;

2002-2003 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Аппараты Кадр басқармасының бастығы;

2003-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы;

2007-2019 жылдары – Сыртқы істер министрі Кеңсесінің басшысы; 2016 жылғы ақпаннан 2017 жылғы қазанға дейін Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі міндетін қосымша атқарды.

2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі

2022 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды.

«Парасат» (2021) және «Құрмет» (2012) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2006), 9 мерекелік медальмен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен (2017), Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін Сыртқы істер министрлігінің Нәзір Төреқұлов атындағы медалімен (2019) марапатталған.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Үйленген, 3 баласы бар.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

2022 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Жарлық

2022 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы