National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

Аталған шараға салалық ұлттық ғылыми-зерттеу институттардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қ.Қасымов ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісін ақпараттық-талдау және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеудің, қауіпті қатерлер мен сын-тегеуріндерді терең сараптаудың маңыздылығын айтты.

Жиын барысында су шаруашылығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы су ресурстарының азаюы және оның сапасының нашарлауы халықтың тұрмысына және экономиканың тұрақты дамуына кері әсер етеді.

Сарапшылар аса қауіпті қатерлерді, соның ішінде судың тиімсіз пайдаланылуын, жекелеген гидротехникалық құрылыстардың апаттық жағдайларын, су қоймалардың ластануын егжей-тегжейлі талқылады.

Отырысқа қатысушылар су ресурстарын бақылайтын мемлекеттік басқару жүйесін және мониторингті, су саласын ғылыми және кадрлық тұрғыдан қамтамасыз ету ісін жетілдіру жөнінде пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстанның су ресурстары негізінен трансшекаралық өзендердің есебінен жиналатынын ескеріп, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиында су қауіпсіздігінің қаупін азайтуға бағытталған кешенді тәсілдер қажеттігі атап өтілді.

Сарапшылық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мен мемлекеттік органдардың жұмысында пайдаланылатын нақты ұсыныстар пысықталды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 23 қазан

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

2021 жылғы 26 қазан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 21 қазан

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: