National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының кеңейтілген жоспарлы консультациялары өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов пен Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың төрағалығымен және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен келіссөздер барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті міндеттері қаралды.

Тараптар контрабандаға қарсы іс-қимыл және кеден заңнамасын бұзушылықтар бойынша шекаралық қызметтер мен кеден органдарының өзара тиімді әрекеттестігін арттыру мәселелерін талқылады. Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттері мен автомобиль жолдарын қайта құру және жаңғырту, іргелес аумақты жайластыру жөніндегі жол картасының тармақтарын орындау барысы қаралды.

Келіссөздердің күн тәртібіне Орталық Азиядағы тату көршілік пен өзара сенімді одан әрі нығайту бойынша шаралар енгізілді. Екі мемлекеттің өкілдері Ауғанстандағы жағдайдың аясында өңір қауіпсіздігі және оның тұрақты дамуы мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, тараптар діни экстремизмнің алдын алу саласында жинақтаған тәжірибелерімен және ұсынымдарымен алмасты.

Жұмыс қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 23 қазан

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

2021 жылғы 26 қазан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 21 қазан

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: