National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Атырау облысында кеңес өтті

Биылғы 18 сәуірде Атырау қаласында Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаевтың төрағалығымен өңірдің дамуына және қауіпсіздікке қатысты мәселелер жөнінде кеңес өтті.

Жиынға Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жетекші мұнайгаз кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздіктің басым міндеттерін іске асыру аясындағы облыстың орнықты дамуының өзекті мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, мұнай-газ инфрақұрылымы нысандарының қорғалу жай-күйі және экологиялық қауіпсіздіктің түрлі мәселелері талқыланды.

Балық ресурстарын заңсыз өндіру мен контрабандаға қарсы іс-қимылды күшейту, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлау және олардың заңсыз айналымын тоқтату, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері қарастырылды.

Іс-шара нәтижесінде аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылып, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті

2023 жылғы 08 маусым

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті

Жарлық

2023 жылғы 08 маусым

Т.Б. Дүйсенова туралы