National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Ресей Федерациясы Қаупсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өткен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар екі мемлекеттің БҰҰ, ЕАЭО, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ҰҚТШҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың аясында өңірлік және әлемдік қауіпсіздікті күшейтуге байланысты өзара іс-қимылдарды қарастырды. Осы бағытта ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, киберқауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының және өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері осы саладағы өзектілігі күн сайын  артып келе жатқан өзара ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.

Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін серіктестіктің тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті ұсыныстар пысықталды.

Жұмыс қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы консультациялар қабылданған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 23 қазан

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

2021 жылғы 26 қазан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады

Жарлық

2021 жылғы 21 қазан

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: