National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысты

Жиынға қатысушылар халықаралық жағдайдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жүргізуге бағытталған маңызды кешенді шараларды қарастырды.

Басқосу нәтижесінде Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ынтымақтастығын тереңдетуге қатысты құжаттарға қол қойылды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы аясында Қ.Қасымов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердегі әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді. Уәкілетті мемлекеттік органдар желісін әрі қарай дамытуға және ұжымдық қауіпсіздіктің қазіргі сынақтар мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Делегация басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков қабылдады.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 28 наурыз

Мемлекет басшысы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

2023 жылғы 30 наурыз

Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Жарлық

2023 жылғы 30 наурыз

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы