National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришке жеделхат жолдады

2020 жылғы 23 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.

– Бүгінде барлық ұлттар өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адамдар, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

– Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің