National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ирландия Премьер-Министрі Лео Варадкармен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 09 маусым

Әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық бағыттағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен  даму перспективалары талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға және ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар мен инновация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лео Варадкар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылап,  БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар алаңындағы Қазақстан мен Ирландияның өзара ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін нақтылады.

Тараптар коронавирус індетінің таралу мәселесіне ерекше тоқталды. Қазақстан Президенті мен Ирландияның Премьер-Министрі пандемияның кері салдарын жеңілдету жөніндегі екі елдің қабылдаған кешенді шараларын, оның ішінде, тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңде іскерлік белсенділікті ынталандыру жұмыстарын жоғары бағалады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ирландия тарапы бастамашы болды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің