National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті

2015 жылғы 03 қараша

 

Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ  келіссөздер барысында Қазақстан үкіметінің мүшелері британ тарапымен маңызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті  Ұлыбритания Премьер-Министрін соңғы өткен парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және жаңа үкімет құрамын жасақтауымен құттықтады.  

Осы бір күрделі кезеңде Сіздің ел жетістіктерге жетіп отырғанын  атап айтқым келеді. Менің сапарымдағы бағдарламаның мазмұндылығы біздің  қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді, – деді Мемлекет басшысы.

Д.Кэмерон Қазақстанның инвестиция тарту, индустрияны дамыту және сауда саласында керемет табыстарға жеткеніне назар аударды. Ұлыбритания Премьер-Министрі сондай-ақ бүгінде елдеріміздің келіссөздер өткізетін мәселелер аясы кең екенін айтты және Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған реформаларды жүзеге асыру жайын талқылауға ниетті екенін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шарт;

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлыбритания Министрлер кабинетінің Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

– Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің  «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шарт;

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің