National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да болды

2012 жылғы 18 қыркүйек

 

Қазақстан Президенті электролиз зауытының базасында салынған жаңа анодты өндірісті аралап көрді. Кәсіпорынды аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев ұжыммен әңгімелесті, сондай-ақ іске қосу-реттеу жұмысын бастап берді және анодты күйдіру жөніндегі кешенді іске қосты.

- Мен сіздерді заманауи анодты зауыттың ашылуымен құттықтаймын. Бұл - мүлде жаңа бірегей технология. Енді сіздерде тұрақты жұмыс және жақсы еңбекақы бар. «Қазақстан электролиз зауытының» жоспарында келешекте құю өндірісін кеңейту қарастырылған, - деді Мемлекет басшысы.    

Зауыттың басшысы А.Ибрагимов Қазақстан Президентіне күйдірілген анод өндірісінің технологиялық үдерісі туралы айтып берді. Бұл жобаны іске асыру бастапқы алюминий өнімдерін өндіруде қазақстандық үлесті арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесуді аяқтай келе, Нұрсұлтан Назарбаев еңбек ұжымына табыстар және алға қойған мақсатта жетістікке жетуді тіледі.

Анодты өндірісте заманауи жабдықтар орнатылған. Кешеннің жоғары экологиялығы жаңа технологияны қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Жобаның құны – 240 миллион доллар.

«Қазақстан электролиз зауыты» - қуаты жылына 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіретін Қазақстандағы алғашқы зауыт және металлургиялық алюминий кластерінің негізгі элементі. 2008 жылғы тамыз айында қуаты жылына 125 мың тонна өнім шығаратын зауыттың алғашқы кезегі іске қосылды. Екінші кезегі 2010 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында енгізілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

2022 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Жарлық

2022 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің