National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елордадағы №58 сайлау учаскесіне барды

2019 жылғы 09 маусым

Нұрсұлтан Назарбаев Елордадағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Президентін сайлау рәсіміне қатысып, дауыс берді. 

Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқының осы тарихи сайлау арқылы ел болашағын айқындайтынын айтты. 

– Бүгін азаматтарымыз сайлауға қатысып, дауыс беріп жатыр. Сайлау науқаны барлық елде және әрдайым халық үшін тарихи сәт саналады. Азаматтар ел Президентін ғана емес, сонымен қатар өз болашағы мен тағдырын таңдайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы, сондай-ақ, биылғы президент сайлауының ерекшелігіне тоқталды.

– Биылғы сайлаудың ерекшелігін білесіздер. Мен президенттік өкілеттігімді тоқтатып, жастарға жол бердім. Бұл – дұрыс шешім. Төңірегіміз түгел дамып келеді. Қазақстанды жаңа белеске бастау үшін ел басшылығына озық ойлы жаңа буын келуі керек. Президенттік өкілеттігімді тоқтату жөніндегі шешімім бүкіл әлемде түсіністікпен қабылданды. Мен көптеген елдің көшбасшыларынан хат алдым. Олар Қазақстанда билікті беру процесінің бейбіт жағдайда өтіп жатқанын жоғары бағалауда, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға амандық, елімізге тыныштық пен бақ-береке тіледі.     

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің