National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып қойылған «Абай» операсына барды

2015 жылғы 10 қазан

 

Операның идеялық арқауы ретінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының тұлғасы алынған. Сценографияда соңғы техникалық жаңалықтардың пайдаланылуы және музыкалық шығарманың сюжетін заманауи тұрғыдан интерпретациялау қойылымды даралай түскен.

Үшінші премьералық опера спектаклінің басты орындаушылары қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Т.Мұсабаев,  А.Ниязова, Ж.Тапин, сондай-ақ Армения халық әртісі Б.Туманян бар.

Қойылымды көрермен назарына қазақстандық-италиялық шығармашылық ұжым ұсынды.  Қоюшы дирижері  – «Астана опера» театрының бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Бөрібаев, қоюшы режиссері – италиялық режиссер Д.дель Монако, кеңесші-режиссер ҚР халық әртісі Е.Обаев.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің