National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының IX форумы аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

2012 жылғы 19 қыркүйек

Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық және өңіраралық даму, отын-энергетикалық кешені саласындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.

- Бүгін біз тағы да екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын нығайтудың және дамытудың тиімді алаңы болып табылатын дәстүрлі өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізіп отырмыз. Бұл форум Қазақстан мен Ресей арасындағы инновациялық ынтымақтастық мәселесіне арналған. Бұл күндері Павлодарда 600-ден астам компания қатысқан үлкен көрме жұмыс істеуде. Сондай-ақ, жалпы сомасы 2 миллиард долларлық 27 шартқа қол қоюды қарастыратын бизнес-форум өтіп жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ өңіраралық форум өзге елдер үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жақсы үлгісі екенін атап өтті.

Ресей Президенті Владимир Путин өз сөзінде екіжақты серіктестікті дамыту мен нығайтуда шекаралас өңірлердің форумын өткізудің маңыздылығы мен тиімділігіне тоқталды.

- Өңіраралық ынтымақтастық біздің елдеріміз арасындағы негізгі іс-қимыл саналады. Мысалы, Ресейдің 83 өңірінің шамамен 80-і Қазақстанмен жұмыс істейді. Тауар айналымы үнемі өсіп келеді. Бұл шекара маңында тұрып жатқан адамдар үшін өте маңызды. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, осы форум туралы бастама көтерген кезден бастап, ол Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруда маңызды роль атқарды, - деді Владимир Путин.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары арасында су ресурстарын тиімді пайдалану және трансшекаралық өзендерді қорғау, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша пікір алмасылды.      


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

2022 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Жарлық

2022 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің