National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамына жаңа министр Ерлан Ыдырысовты таныстырды

2012 жылғы 28 қыркүйек

Қазақстан Президенті кездесуді ашқаннан кейін бүгінде Сыртқы істер министрлігінің алдында жаңа уақыттың талабына сәйкес жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті.

- Мен Ержан Қазыхановтың Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы аясында атқарған қызметі үшін оған алғысымды білдіремін. Мұсылман елдерінде қалыптасқан жағдайдың қиындығына қарамастан, біз бұл миссияны жақсы атқардық деп есептеймін.