National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталығында өткен «дөңгелек үстелге» қатысушылардан үндеу-хат келіп түсті

2012 жылғы 25 қазан

 

«Қазақстандағы тіл саясаты: Қазақстан халқының рухани негізінің қағидаттарын іске асыру» атты «дөңгелек үстелге» қатысушылар Мемлекет басшысын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, ізгілік, бейбітшілік және игілік тілейді.

Үндеу-хат авторлары Қазақстандағы тіл саясатының айқын даму тұжырымдамасы, оны іске асырудың тиімді тетіктері және нәтижеге қол жеткізудің нақты көрсеткіші бар деп есептейді. Бұл қоғам мен мемлекеттің түрлі әлеуметтік, оның ішінде этникалық топтардың қажетті әлеуметтік-коммуникативтік сұраныстарын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.    

«Тіл – ұлттың рухани өзегі. Онда халықтың дәстүрі мен даналығы сақталады. Сіздің бұл мәселедегі сындарлы саясатыңыз еліміздің азаматтарына мемлекет құруға, ұрпақ өсіріп, ертеңгі күнге сеніммен қарауға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттік тіл уақыттың талабына және жүректің қалауына айналды. Ол мемлекет құруға, мәдениетті, өнерді, ғылым мен білімді дамытуға деген ортақ талпыныстың төңірегіне топтастырады.  Тілді меңгеру – жаһандану және қазіргі замандағы интеграциялық үдерістер жағдайындағы бәсекелік артықшылық» деп жазады «дөңгелек үстелге» қатысушылар.

Үндеу-хат қорытындысында Қазақстан Президентінің саясаты арқасында елде мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланып, онда мемлекеттік тілдің айрықша орын алғаны айтылған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің