National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің және Министрлер Кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 26 ақпан

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Р.Кастроны Куба Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Қазақстан мен Куба арасында өзара сенім мен өзара түсіністік негізінде қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін» делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Р.Кастроға және оның отбасына зор денсаулық, аса жауапты қызметіне табыс, ал достас Куба халқына амандық және өсіп-өркендеу тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің