National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Бостон қаласында болған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2013 жылғы 16 сәуір

 

Жеделхатта Мемлекет басшысының лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды қатты күйзеліп қабылдағаны атап өтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев терроризмнің етек алуы бүгінгі күні әлемнің барлық елі үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанын атап өткен. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын және әлемге жайсыздық әкелетін экстремизм мен лаңкестіктің кез-келген түрін айыптайды.

«Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, бүкіл Америка халқына шын ниеттен көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектестігімді білдіремін» делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

2026 жылғы 06 мамыр

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық

2026 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің