National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады

2013 жылғы 15 сәуір

 

Н.Қаппаров министрлік жұмысының негізгі қорытындылары туралы, атап айтқанда елімізде «жасыл экономиканы» қалыптастыру тәсілдері, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының негізгі ережелері және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу тұжырымдамасын дайындау барысы туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті министрліктің елімізде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің маңыздылығын атап өтті.

- Бүгінде су ресурстарын пайдалану және сақтау мәселелері Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзыретіне берілді. Су ресурстары Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады және келешекте олардың маңыздылығы тек қана арта түсетін болады. Әлемде ауыз су мен суармалы су тапшылығы бар. Осы орайда, бұл үдерістерді тиімді басқару үшін елімізге жоғары білікті мамандар қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.   


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

2026 жылғы 06 мамыр

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық

2026 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің