National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады

2016 жылғы 21 қаңтар

 

Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде облыстар арасында өзара тауар алмасуды күшейту қажеттігін, сол мақсатпен әр өңірде өндіріс пен тұтыныс теңгерімін жүргізу керектігін атап айтты.

Ақмола облысының әкімі 2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемі 6,9%, ауыл шаруашылығы өнімдері 2,1%, құрылыс жұмыстары 6,1% өскенін жеткізді.

С.Кулагин өңірде азық-түлік тауарлары бағасының өсімін тежеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Индустрияландыру картасының жүзеге асырылу барысы туралы да баяндалды. Соңғы екі жылда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 63,6 миллиард теңге болатын 21 жоба іске қосылып, 1,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар, Астананың «азық-түлік белдеуі» аясындағы перспективалы жобалар талқыланды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің