National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенкомен кездесу өткізді

2013 жылғы 28 мамыр

Кездесуге Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің төрағасы – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, ЕЭК кеңесі мүшелері – Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов және «Беларусь Республикасының Даму банкі» ААҚ Басқармасы төрағасы Сергей Румас қатысты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев 29 мамырда Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтетінін атап өтті. Оған қоса биыл тағы екі отырыс жоспарланған.  

– Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің үш отырысы өткізілуі қысқа мерзім ішінде барлық интеграциялық құжаттарды қабылдап үлгеру қажеттігіне байланысты. Атап айтқанда, біз 2014 жылғы 1 мамырға қарай 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісім жобасын әзірлеуді аяқтауға уағдаластық. Бізде жұмыс көп, әртүрлі құжаттарды келісуді тұрақты және жүйелі түрде жүргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Кеден одағы мен Еуразия экономикалық кеңістігі жұмысы оң нәтиже бергені анық екенін, соның ішінде, үш елдің экономикасы арасында тауар айналымының артуы мен өзара тығыз ықпалдастықтың дамуы тиімділік көрсеткіші болып саналатынын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

2026 жылғы 06 мамыр

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 06 мамыр

Н.М. Нәлібаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің