National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының Орталық Азия жөніндегі кеңсесі директоры Николай Ботевпен кездесті

2015 жылғы 22 қаңтар

 

Кездесуге аталған қордың Қазақстан Республикасындағы Атқарушы өкілі Р.Сисемәлиев, сонымен қатар Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен қатысты.

Г.Әбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқаты артуындағы елеулі үлесін атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның мемлекеттік органдарының –  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ Мемлекет басшысы жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының БҰҰ қорымен арадағы ынтымақтастығының деңгейіне қанағаттанатынын білдірді.

Г.Әбдіқалықова 2014 жылы қордың мемлекеттік органдармен арадағы өзара іс-қимылдарының – отбасын жоспарлаудың маңызды бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асқанын, әйелдер мен жастардың, көшіп келушілер мен оралмандардың денсаулығын репродуктивті түрде қорғаудың қамтамасыз етілгендігін, денсаулық сақтау жүйесіндегі гендерлік зорлық-зомбылыққа шұғыл тосқауыл қоюдың, мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын халық саласындағы және дамуындағы мәселелермен таныстырудың табысты болғанын атап көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша  Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің