National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін 64 жасқа қараған шағында, өзінің ұзақ жылғы жемісті қызметі арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Қазақстан мемлекетінің құрылуына және нығаюына қомақты үлес қосқан талантты ұйымдастырушы және басшы Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев қайтыс болды.

2012 жылғы 27 шілде

Қалмырзаев Сарыбай Сұлтанұлы

                                                             

64 жасқа қараған шағында, өзінің ұзақ жылғы жемісті қызметі арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Қазақстан мемлекетінің құрылуына және нығаюына  қомақты үлес қосқан талантты ұйымдастырушы және басшы Сарыбай Сұлтанұлы  Қалмырзаев қайтыс болды.

С.С.Қалмырзаев 1949 жылы 10 маусымда Жамбыл облысы Шу ауданы «Жаңа жол» ауылында туған. Мәскеу экономика-статистика институтын бітіргеннен кейін оның еңбек жолы еліміздің халық шаруашылығы кешенімен тығыз байланысты болды. Ол экономистен Қазақ КСР Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтіп, кейіннен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы болды.

Оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, кейіннен Мемлекет Басшысының  Іс басқарушысы қызметтерін атқарған кезеңі айрықша жемісті болды. С.С.Қалмырзаевтың басшылығымен еліміздің Президент Әкімшілігін Ақмолаға көшіріп, толыққанды қызмет жүргізуге бейімдеу қысқа мерзім ішінде қамтамасыз етілді. Ол жаңа астанамыздың құрылысын жүргізуге, маңызды әкімшілік және әлеуметтік нысандар салу ісіне белсене атсалысты.

Мол тәжірибе, білім мен кәсіпқойлық, тапсырылған іске зор жауапкершілік оған қоғамда лайықты бедел әкеліп, құрметке бөледі.

С.С.Қалмырзаевтың еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен – «Парасат», «Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен, көптеген медальдармен атап өтілді.

Өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліміз бен халқымыздың игілігіне жұмсаған ол Қазақстанның нағыз патриоты болды.

Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаевтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

2022 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Жарлық

2022 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің