National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады. Конференцияға Орталық Азия елдері стратегиялық зерттеу институттарының басшылары, өңір дамуының өзекті мәселелерін зерттеп жүрген белгілі сарапшылар келді.

Өз сөзінде Ерлан Қарин осындай көпжақты әрі жоғары деңгейдегі сарапшылар арасындағы диалог өңірлік проблемалар мен сынақтарға және оны шешуге байланысты бірыңғай тәсіл әзірлеуге қатысты ортақ түсінік қалыптастыруға септігін тигізетінін айтты.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару