National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Вице-Президент


Ерлан Қарин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді

Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Съезді одан әрі дамыту және халықаралық мәдени ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өтті. Оған Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен салалық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Жиында 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын іске асыруға айрықша назар аударылды. Қатысушылар Хатшылықтың XXIV отырысының құжаттарын, соның ішінде Дін саласында жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексін, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлі туралы құжатты және Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартияны халықаралық деңгейде ілгерілету мәселесін талқылады.

Вице-Президент Съездің халықаралық беделін нығайту үшін аралық кезеңде жүйелі жұмыс жүргізудің маңызына тоқталды. Ерлан Қариннің пікірінше, Съезд бен Хатшылық шешімдерін орындауға, сондай-ақ Съезд бастамаларын ілгерілету ісіне халықаралық серіктестерді тартуға баса мән берген жөн.

Күн тәртібіне Хатшылықтың мерейтойлық XXV отырысына және IX Съезге дайындық, соның ішінде Конфессияаралық және дінаралық диалог халықаралық орталығының жұмысын жетілдіру мәселелері шығарылды.

Отырыс барысында халықаралық мәдени ынтымақтастықтың жай-жапсары, атап айтқанда, ИСЕСКО-ның «Түркістан – ислам әлемінің 2027 жылғы мәдени астанасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық және Түркі өркениеті орталығын құру жайы қаралды. Сонымен қатар Дамаскідегі Бейбарыс сұлтан кесенесі мен Әл-Фараби орталығына байланысты мәселелер қозғалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Вице-Президент Съезд шешімдерін іске асыру, алдағы іс-шараларға дайындалу және ведомствоаралық координацияны күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

2026 жылғы 19 қараша

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 16 қараша

М.Ғ. Ирменов туралы