National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

Ұлттық инвесторлар кеңесі

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

 

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайлар жасау және отандық инвестицияларды ел экономикасына тарту;

іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің қызметін шоғырландыру;

3) кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де маңызды мәселелерді қарау және талқылау;

4) индустрияландыруға, әртараптандыруға, шикізаттық емес экспортты ілгерілетуге жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару