National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2017 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссиясының отырысы өтті

Отырысқа комиссия мүшелері – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық бірлестіктердің, журналистердің қоғамдық ұйымдарының және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Басқосуда Мемлекеттік хатшы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін атап өтті.  

- Биылғы кездесуіміз қоғам өмірінің барлық саласын жаңғыртуға бағытталған институционалдық реформалардың тереңдей түскен жауапты кезеңінде өтіп отыр. Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық міндеттер отандық БАҚ-қа деген зор сұраныс тудырып, ерекше рөл атқаруды талап етеді.  

Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, ақпараттық қолдау мемлекеттік саясатты және ел ішіндегі реформалар бағытын тиімді іске асырудың маңызды талаптарының бірі болып табылатынына тоқталды.      

Қоғамдық комиссияның отырысында журналистік материалдар деңгейінің жоғары екені, сондай-ақ Қазақстан дамуының маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жария етудегі медиа қоғамдастығы өкілдерінің үлесі атап өтілді.    

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы, БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтарды тапсыру ережесіне сәйкес, БАҚ өкілдеріне екі сыйлық және екі грант бөлу, төрт шығармашылық ұжымға Президент Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным жасауға бірауыздан қаулы етті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы