National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Нұр-Сұлтандағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, мерейтойлық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен елордадағы Абай ескерткішіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойды. Осындай салтанатты рәсімдер еліміздің барлық өңірінде өтті.

Белгілі болғандай, Қазақстанда «Абай күні» тұңғыш рет атап өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Абай күнін белгілеп, еліміздің атаулы мерекелік даталар тізбесіне енгізді. 

Басты мақсат – Абайды ұлтымыздың рухани реформаторы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер ретінде оның теңдессіз шығармашылығын насихаттау.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы