National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесті

2026 жылғы 25 қыркүйек

Алматы қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев корпорацияның Алматыда білім беруге және қызмет көрсетуге арналған роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарына қолдау білдірді.

Президент еліміз аталған компанияның Қытайдан тысқары жердегі алғашқы өндіріс алаңы болатынын айтты. Бұл жоба биыл шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластыққа сай іске асырылып жатыр.

Кездесуде білім саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды. Атап айтқанда, UBTECH пен Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары және колледждері арасында жүйелі ықпалдастық орнату мүмкіндігі қаралды. Бұдан бөлек, бірлескен құзырет орталығын құру ұсынылды. Осы бастама аясында қазақстандық мамандар компанияның зерттеу және өнім әзірлеу қызметіне қатыса алады.

Сонымен қатар UBTECH технологияларын Alatau City жобасына жан-жақты енгізу, тау-кен, мұнай-газ салаларында және ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану мәселелері қарастырылды.

Чжун Юн цифрландыру және жасанды интеллект салаларына ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Бұл бағыттарда Қазақстан елеулі табысқа қол жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ UBTECH өкілі елімізде ашық, инклюзивті әрі нақты нәтижеге бағдарланған даму ортасы қалыптасқанын жоғары бағалады. Оның пікірінше, бірлескен жобаларды жүзеге асыру ынтымақтастық аясын кеңейтуге және цифрлық технологияларды енгізуге тың серпін береді.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің