National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Тынымбайұлы Қарин

1976 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.

1996 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

1996 жылдан бастап – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.

1998 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.

2000 жылғы шілдеден бастап – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2002 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2003 жылдан бастап – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры.

2004 жылғы маусымнан бастап – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.

2006 жылғы мамырдан бастап – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылғы қарашадан бастап – «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы.

2013 жылғы желтоқсаннан бастап – Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры.

2014 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2017 жылғы ақпаннан бастап – «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2019 жылғы сәуірден – 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2020 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 5 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2022 жылғы 14 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

2026 жылғы 30 маусымда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2010 жылы), ІІ дәрежелі «Достық» орденімен (2019 жылы), ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (2022 жылы), І дәрежелі «Барыс» орденімен (2025 жылы), «Отан» орденімен (2026 жылы), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» (2019 жылы) медалімен марапатталған.

«Балбалтас. Орхоннан Каспийге дейін» (2013 жылы), «Солдаты Халифата: мифы и реальность» (2014 жылы), Джейкоб Зеннмен бірге жазған «Между ИГИЛ и Аль-Каидой: Центральноазиатские боевики в сирийской войне» (2017 жылы), Галина Ксенжикпен бірге жазған «Сводный каталог картографических материалов по истории Казахстана XVII - начало XX вв.» (2023 жылы) кітаптарының авторы.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы