ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мына азаматтар марапатталсын: «Ерлігі үшін» медалімен Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы); Темірхан Ақжол Тимурұлы – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы); Удалов Никита Александрович – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы). 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2026 жылғы 27 қыркүйек № 1505