National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық жобалар таныстырылды

2022 жылғы 11 мамыр

Түркия, Анкара қаласы

 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтты.

Президентке кальций қосылған сода өндіретін Yildirim Group, геологиялық барлау бойынша Eczacıbaşı Holdıng, медициналық және респираторлық бетперделер шығаратын MFA Maske, желатин өндіретін Iskefe Holdıng, агроөнеркәсіп тауарларын өндіруші Tiryaki Holding, құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндіретін YDA Group, Алматы қаласындағы әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүргізіп жатқан TAV Havalimanlari Holding, сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан Kayatürk Group, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіретін Koç Holdıng, фармацевтикалық өнімдерді өндіретін Atabay Kımya Sanayı Ve Tıcaret AS, сэндвич панельдерді өндіретін Panelsan, қағаз өнімдерін өндіретін Isıklar, геологиялық барлау және агроөнімдерді өндіретін Çalık Holdıng, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін Goknur Gida компанияларының жобалары таныстырылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің