National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады

2021 жылғы 16 қараша

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске ілтипат білдіре отырып, оның сапары атаулы дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

– Сіздің сапарыңызды дәл уақытында жасалды деп санаймын. Өйткені ол бізге қол жеткізген жетістіктерімізді қорытындылауға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауға мүмкіндік береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен жан-жақты диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға және жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап, еліміздің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасына қол қойғанын ерекше атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің