National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 23 тамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің